Жанға дауа

Жыр жұлдызы – Фариза ақын

"... Өлең, мен сені аялап өтем!"                                                                                        Фариза Оңғарсынова


             Бізге уақытын тауып, көңілін бөлген қауымға «Қош келдіңіз, қадырменді қонақ!»-дей отырып, бәйгеге қосып отырған блогымыздың атына назарыңызды аударғымыз келеді.  «Неге блогтың аты «блог-сайыс?» «Кіммен сайыспақсыңдар?» - деген сұрақ пайда болуы мүмкін, сондықтан ең алдымен блогымыздың бағытын айқындауды жөн көрдік.
 Сонымен, байқаудың «Ең дәстүрлі емес блог» номинациясын таңдағаннан кейін, оған қонақтарымызды түрлі жарысқа шақыратын ойындар мен сайыстарды дайындадық. Әрине, олардың бәрі ақын Фариза Оңғарсынованың өмірбаяны мен шағармашылығына қатысты.
Байқаған боларсыз, сіздерге кеңінен ойландыратын, өзін шығармашылық жолында белсенділік танытуға ықпал ететін (біздің ойымызша) пайдалы да маңызды сөзжұмбақтар, пазлдар ұсынылып отыр. Алда басқа да қызықты іс-шаралар жоспарда бар.
Блог екі тілде жүргізіліп отырғандықтан, «Пробуди поэзию в себе» деген ең бірінші сайысымыз орыс тілінде басталып та кетті. Енді осы ойынымызды қазақ тілінде жалғастырсақ...

Ұлы Абайдың «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген аталы сөзін ұстанымға алып, баршаңызды "Зула, менің жыр-күймем, шабыт жегіп..." атты ойынымызға шақырамыз. Ақын Фаризы Оңғарсынованың «Дауа» кітабынан алынған бір шумақ өлеңнің соңғы жолын жасырамыз, сол соңғы жолын сайысқа қатысушы өз ойынан шығарып, шумақтың мәтініне сай жалғастыруы керек. Осы жерде тағы бір айтып кететін жайт - бұл әрине ойын, сонда да еріккеннің ермегіне айналдырмау керектігін ескертпекпіз. Және де, біз ақын апайымызбен сайысқа түсіп отырған жоқпыз, ойынға қатысушылар өздерінің ақындық өнерін жұртқа ұсыну мақсатында өзара жарыспақ. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы. Сонда да солардың бар таңдамасы» дегендей, мүмкін арамыздан шын талантты, өнерлі ақын суырылып шығар! Ендеше, іске сәт!
smilie


Біздің әдеби блогымызға кірген барлық кітапсүйер қауымға қош келдіңіздер дейміз Жақсы кітап - жан азығы. Кітап - асыл дос. Жалғыздық түссе басыңа сүйеу болып, зеріккен күндеріңде алдандырады, күлкі туғызып көңіліңді ашады, ал бір мезгілде махаббат, күйзеліс, қуаныш пен қайғының алуан-түсті еліктіргіш сезімдер әлеміне саяхат жасауға өзіңді алып-ақ жөнеледі...  Алдарыңыздағы әдеби блогымыз тек бір жазушы шығармашылығына ғана арналған. Себебі бұл жазушы «Бір ел - бір кітап»-2013 акциясының басты кейіпкері болып танылып отыр. Оқырмандарымызға Фариза Оңғарсынованы таныстыру қажет пе екен?! Қазақстанда ақын апайымызды білмейтін оқырман кемде-кем. Сонау алпысыншы жылдары ол «Коммунистік еңбек» (Гурьев қ.) облыстық газеттің әдеби қызметкері бола тұра, журналистік қызметті атқара бастады. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көрді. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады - ұлы ақынның дүниеге келгені туралы әлемге жар салды. Елге сіңірген еңбегі үшін Фаризы Оңғарсынова «Қүрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталды, «Қазақстан Республикасының халық жазушысы» атағының құрметті иесі.  «Мелодия», «Беспокойная пора», «Гордое поколение», «Көгершіндерім», «Тревоги», «Ожидание солнца», «Озарение» жыр жинақтарының, «Биіктік» очерктер жинақтарының, «Біздің Кәмшат» повесінің, Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев, Чили ақыны Пабло Неруды шығармашылықтары туралы әдеби-сын мақалалардың авторы. С.Вангелидің «Приключения Гугуце», «Дедушкин министр» балаларға арналған повестерін, С.Капутикянның, Е.Евтушенконың, Р.Казакованың, араб ақыны Әбдурахман әл-Хамисидің өлеңдерін, П.Нерудың кітаптарын қазақша аударған. Ақынның көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған. Фариза ақын туындыларының көркем әлемі елең еткізердей әсерлі, бояу алуандығымен өзіне тартады. Ендеше, оқырман көңілін оятатын, айызын қандыратын, жанға дауа жақсы кітап оқуға асығыңыздар, қымбатты достар! 



4 комментария:

  1. Фариза ақын жайлы сіздердің блогтарыңыздан көптеген қызықты мәліметтер алдым. Рахмет!

    ОтветитьУдалить
  2. Жұмыстарыңыз жемісті болсын! Сіздердің блогтарыңыз маған өте ұнайды.

    ОтветитьУдалить
  3. Коллеги! измените шрифт на странице, не отражается как положено, а идут квадратики. СПАСИБО!

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Проверили во всех доступных браузерах. Всё нормально. Отображается правильно. Видимо что-то в настройках вашего браузера. Если сообщите каким браузером пользуетесь Вы, попробуем помочь советом.

      Удалить